11.08.2015, 18:45
Оқылды: 256

Ауыл кеші көңілді

DSC_0143Жәнібек аудандық мәдениет және демалыс саябағында талай-талай саңлақтар түлеп ұшқан, таланттылар мекені, киелі өлке – Ұзынкөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік кеш өткізді.

Алаңда «Шашу» биі биленген соң, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Алтай Бақтығалиев құттықтау сөз сөйлеп, кезекті өнер сүйер қауымға берді.

Думанды кеште Нұрғиса Айтымбетовтің орындауында (сөзі Мұрадым Мирлановтікі, әні Ерген Айтымбетовтікі) «Ұзынкөлім» әнінің тұсауы кесілді. Содан соң әр ұлт өкілдерінің билері биленіп, көрініспен шебер үйлесім тапты. Сахна төрінде трио «Қазағым» әнін, облыстық «Балдәурен» фестивалінің дипломанты Нұрсұлтан Уахитов «Туған ел», Қажымұқан Хамидоллаұлы «Ана-әке», «Сүй, жаным», дуэт «Алатау, Алтай, Атырауым», Айсұлу Мұстафина «Шіркін-ай» әндерін шырқаса, «Еркеназ» бишілер тобы «Жастар биін» биледі, талантты жастардың орындауында пародиядан көрініс көрсетілді.

Сонымен қатар думанды кешке тұспа-тұс келген, шаңырақ көтеріп отырған жас жұбайларға Алтай Бақтығалиұлы ізгі тілегін арнап, ұзынкөлдіктер атынан естелік ретінде шағын сый-сияпат табыс етті. Жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаған кеш квартет орындаған «Елге тілек» әнімен өз мәресіне жетті.

www.zhaikpress.kz

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ,

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале