22.04.2026, 14:30
Оқылды: 13

Қағаз нөмір таққандар тұтылады

Орал қаласының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында патрульдік полиция қызметкерлері күмән тудырған аутокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде Toyota Hilux ныспылы көлікке заң талаптарына сай келмейтін, қағаздан жасалған және сыртқы пішіні мемлекеттік тіркеу нөміріне ұқсас жалған белгі орнатылғаны анықталды.

2026-04-20_15-42-04 копия

Құқық қорғау құрылымдары жүргізген тексеріс нәтижесінде аталған нөмірдің ресми тіркеу талаптарына сәйкес келмейтіні расталды. Осыған байланысты көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, ол көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірін орнату, сондай-ақ сондай нөмірмен көлік басқару және нөмірді сәйкестендіруге кедергі келтіретін құрылғыларды пайдалану деректері бойынша айыпталды. Қазіргі уақытта аталған көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады. Заң талаптарына сай келмейтін немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді.

Материалды облыстық полиция департаментінің

баспасөз орталығы ұсынған  мәліметтер негізінде

дайындаған Гүлжамал Жолдығали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале