22.04.2026, 17:00
Оқылды: 10

БҚО-да қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты басталды

Батыс Қазақстан облысында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Елдің 18 өңірінен келген 300-ге жуық спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін бастау алды.

WhatsApp Image 2026-04-22 at 17.02.36

Ауқымды дода ұлттық рухты көтеру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ чемпионат Бұланты шайқасының 300 жылдығына орай өткізіліп отыр.

WhatsApp Image 2026-04-22 at 17.02.36 (1)
Қазіргі уақытта іріктеу кезеңдері өтіп жатыр. Спортшылар түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үздіктер анықталуда. Ертең чемпионаттың финалдық кездесулері мен салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Боз кілемде белдесетін балуандарға сәттілік тілейміз!

Бекзат Қанәділ,

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2026-04-22 at 17.02.37

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале