25.05.2018, 13:27
Оқылды: 27

Жаңақалада соңғы қоңырау соғылды

Жаңақала ауданы бойынша соңғы қоңырау шарасына 3781 оқушы қатысты, оның ішінде 261 түлектің 8-і алтын белгіге, 7-еуі үздік аттестатқа үміткер. 

Соңғы қоңырау сыңғыры мен атаулы 10 жылдығы қатар тойланған жатқан аудан орталығындағы №3  жалпы орта білім беретін қазақ мектебінде соңғы қоңырау  мерекесі тартымды шарамен өз мәнінде тойланып өтті. Аяқталғалы отырған оқу жылы мектеп үшін  жемісті жыл болды. Мектеп биылғы оқу жылында 63,5 пайыз білім сапасын көрсетті. Соңғы қоңырау шарасына 641 оқушы қатынасты, оның ішінде оқу озаты-187, оқу екпіндісі-220. Жалпы мектепті 29 түлек бітірді. Бір «Алтын белгіге» үміткер бар.

Соңғы қоңырау салтанатына аудан әкімі Н.Қадырбайұлы, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Ғұмарұлы, аудандық білім бері бөлімінің басшысы Е.Қадыров, ардагер ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар қатысты.

Жиынның ашылуында алғашқы сөз №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің директоры А.Досмұханбетовке берілді. Мектеп ұжымының оқу жылында жеткен жетістіктерін атап өтіп, оқушылар мен ұстаздарды соңғы қоңырау шарасымен құттықтады:

-Мектеп бітіруші түлектеріміз алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, ата-аналар мен ұстаздардың үмітін ақтайсыңдар деп сенемін, - деген тілегін жеткізді. Сонан соң түлектерге ақ жол тілеп, оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегі қонақтарға, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға ұсынылды.

Әрмен қарай дәстүрлі түрде 11-сынып түлегі 1-сынып оқушысына білім кілтін берсе, тағы бір түлек 10-сынып ізбасарына аманат тапсырды.

Шара түлектердің әдеби сазды бағдарламасымен жалғасын тауып, қоңырау сыңғырымен қорытындыланды.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале