1.06.2018, 10:47
Оқылды: 27

II «Асар» ынтымақтастық форумына БҚО үкіметтік емес ұйымдарынан жобалар ұсынылды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде 2018 жылы 21-22 маусым күндері Талдықорған қаласында «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» атты тақырыбында  мемлекет, ҮЕҰ, бизнестің «ASAR»  үш жақты ынтымақтастық ІІ республикалық форумы өткізілмек.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Форумның мақсаты – жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік және азаматтық бастамаларды дамытуға қосқан үлесін анықтау және дамыту болып табылады. Форум барысында жергілікті қоғамдастықтардың өңірлерді тұрақты дамытуға қосқан оң мысалдарын көрсету жоспарланып отыр.

Қазақстанның кәсіпкерлері мен азаматтық қоғам өкілдері платформа қатысушылары болады.

Платформаға қатысуға келесідей талаптарға сәйкес келетін ҮЕҰ-ң жобалары шақырылады:

Жобалар жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға, жергілікті мәселелерді шешуде тұрғындардың қоғамдық әлеуетін қолдануға және осы аймақтардағы өмір дәрежесін көтеруге бағытталуы керек.

Ұсынылатын жобалар жергілікті қоғамдастықтардың өмірін жақсартуға шынайы үлес қосуы керек.

Жобалар ҮЕҰ-дың ағымдағы қызметіне немесе бір реттік іс-шараларды өткізуге бағыттала алмайды. Жобалар бұрынғы кездері қаржыландырудың басқа дереккөздері арқылы жүзеге асырылмаған болуы тиіс. ҮЕҰ осы ереженің талаптарына сәйкес өзінің жобасын жолдай алады. Бұл жобалар www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып, Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.

ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, олар бизнеспен инвестициялануы мүмкін.

Платформа ҮЕҰ мен кәсіпкерлер арасында жаңа ынтымақтастық құру үшін жағдай жасайды, бірақ нәтижесінде қандай да жобалардың қаржыландырылуына кепілдік бермейді.

Жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобалар тиісті аймақтардағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінде таратылады және с әлеуметтік бастамалар Картасына жолданады.

Осы форумға орай облысымыздан 6 қоғамдық бірлестіктер - «Арба тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы», «Батыс Қазақстан облысы мүгедек балаларының «Байтерек»  қоғамы», «Гауһар жол», «Демеу» қоғамдық бірлестіктері, БҚО «Азаматтық альянсы» ЗТБ, «Алтын жүрек» корпоративтік қайырымдылық қоры қатысып, 8 жоба ұсынылды.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале