5.07.2018, 11:21
Оқылды: 34

Ақжайықта «Еңбек келісімшартын жасайық!» акциясының екінші толқыны басталды

shartӨткен жылдан бері елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көшуге байланысты азаматтарды өзектендіру ісі жүруде. Бұл шара сан салалы болғанымен, оның негізгісі еңбек қатынастарын заңдастырмай, жалақыны қолма-қол алатын адамды өзектендіру болып табылады. Еңбек қатынастарын реттемей, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау сауда, қоғамдық тамақтандыру орындары мен ауыл шаруашылығында көбірек кездесетінін талдау нәтижелері көрсетіп отыр.


Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР кәсіподақтар федерациясы бірлесіп «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясын өткізуді қолға алғаны мәлім. Акция ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алып, 2019 жылдың желтоқсанына дейін жалғаспақ. Акция ауданда бірден-ақ қолдауға ие болып, тиісті қам-қарекеттер қолға алынған еді. Ақпан айында аудан көлемінде «Еңбек келісімшартын жасайық!» атты акция өткен болатын. Нәтижесінде 235 жұмыс берушідегі 510 азаматтың еңбек қатынастары заңдастырылды. Сөйтіп, «сең» қозғалды.

– Негізінен, жұмысшыларды еңбек келісімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысқа алу түйінді мәселелер қатарында қалып отыр. Бұл жайт аталған санаттағы азаматтарды еңбек, әлеуметтік сақтандыру жүйесі саласындағы кепілдіктерден және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудан тыс қалдыруға әкеліп соғады. Міне, мәселе қайда деңіз, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Артур Ермұханов.

Қазіргі таңда ауданымызда зейнетақы және салық төлемдерінсіз еңбек етіп жүрген 70-ке тарта азамат бар. Барлық жайт ескеріле отырып, міне, «Еңбек келісімшартын жасайық!» атты акциясының екінші толқыны бастау алды.

– Осыған байланысты арнайы жоспар жасақталып, барлық ауылдық окургте ауыл әкімдері арқылы түсінік жұмыстары басталып кетті. Өткен кезеңдегі іс, орын алған іркілістер таразылана отырып, Ақжол, Алғабас, Базартөбе, Базаршолан, Есенсай, Жамбыл, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Сарытоғай, Тайпақ ауылдық округтері әкімдеріне ширақтық қажет екені қаперге салынды,-деді А.Ермұқанов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале