Шыңғырлау аудандық аумақтық ветеринариялық және қадағалау инспекциясы музейге жаңа жәдігерді сыйға тартты. Кәдімгі Кеңес үкіметі кезінде төрімізде сайрап тұратын, күйтабақ салса, әндері ойнап тұратын радио. Москва, Алматы хабарларын тарататын хабаршы қондырғы.
Аудандық ветинспекция басшысы Саин Досқазиев 1995 жылдың басында жұмысқа келгенде, бұл радионы Болат Бәйменов ағамыз мекемеге қалдырған екен. Оның алдында қанша жанға қызмет көрсеткенін кім білсін? Радионың жасы шамамен 70-80-де. Әлі сөйлеп тұр. Мықты дүние. Айтайын дегеніміз: жәдігердің құндылығы ғана емес, басшылардың ұқыптылығының арқасында қолды болмай, сынбай, бұзылмай музейге жеткенінің өзі ғажап.
Музейге сый жасау басқа мекеме, ұжымдарға өнеге боларлық.
Адақ ШОТПАНОВ
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz