18.07.2018, 9:18
Оқылды: 55

Өркендегі дала өрті 3224 гектар жерді жалмады

pozhar stepnoiЗеленов ауданы Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен ауылы маңында үлкен дала өрті орын алды. 3224 гектар жерді жалмаған тілсіз жауды округ әкімдігі мен ауыл тұрғындары және ауылдың ерікті өрт сөндіру жасақтары құрықтағанымен, біраз жер күлге айналды.


Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, капитан Николай Сламихин өртке оранған жердің жалпы периметрі 29 шақырымды құрағанын айтады.

Аға инженердің айтуынша, биылғы жылы 33 дала өрті тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 7 оқиғаға аз екен. Дегенмен шіліңгір ыстық әлі алда екендігін ескерген жөн.

Сондай-ақ төтеншеліктер дала өртімен күресте әкімдіктер мен тұрғындар және ерікті өрт сөндіруші жасақтары белсенділік танытқанмен, кейбір шаруа қожалығы иелері "өрт менің аумағымда орын алып жатқан жоқ" деген желеумен тілсіз жауды құрықтауға құлықсыздық танытатынын айтады. Бір тал сіріңке мен бір темекі тұқылынан  лап ететін дала өртіне қарсы күресте қол біріктіру маңызды. Сондықтан дала ортақ екенін жоғарыда айтылған қожалық иелері ескерсе екен.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале