30.07.2018, 16:23
Оқылды: 62

Қазталовтың қос ауылында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ашылды

egovЕлбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету мақсатында бүгін Қазталов ауданының Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтерінде «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» іске қосылды. 


Ашылу салтанатында аудан әкімі аппараты басшысы Айбек Исламбеков  атап өткеніндей, жұртшылыққа қолайлы болу үшін республиканың барлық ХҚКО-да «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмыс жасайды.

- 2013 жылы іске қосылған «Өз-өзіне қызмет көрсету жұмыс» жұмысының басты мақсаты – тұрғындардың ХҚКО-на келген кезде өз уақытын үнемдеу, яғни орталық қызметкерлерін күтпей-ақ өз бетімен қажетті құжаттарын алу. Электрондық үкімет порталының ең жиі пайдаланатын қызмет түрлері – жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы, мекенжай, зейнетақы аударымы туралы және басқа да анықтамалар. Бұған дейін осы анықтамаларды алу үшін аудан орталығына баратын едіңіздер, енді, міне, ешқайда бармай-ақ осы бұрыштан жұмыстарыңызды тындырасыздар. Уақыттарыңызды үнемдеу үшін баршаңызды «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын» тиімді пайдалануға шақырамын,- деді Айбек Жаншаұлы.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале