Бөкей ордасы ауданында мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-әдептілік бейнесі, соның ішінде, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты жиын өткізілді.
Басқосуға арнайы қатысқан ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің қызметкері Самат Исқалиев бұл мәселенің жай-жапсарына жіті тоқталды. Жүктелген жауапкершілікті сезініп, тиісті ережелер мен қағидаларды сақтаудың қажеттілігіне, ірілі-ұсақты сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің барлығы да мемлекеттік қызметтен шеттетілетініне көпшіліктің назарын аударды.
Жиынды жүргізген отырған аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев елімізде жүзеге асып отырған реформалар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға және мемлекеттік менеджменттің халық алдындағы абырой-беделін көрсетуге бағытталғандығын сөз етті. Сонымен қатар осы мақсаттардың орындалуын және әдеп кодексі талаптарының бұзылмауын қадағалауды әдеп жөніндегі уәкіл, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашевқа жүктелгенін де жеткізіп, атқарылған жұмыстардың бір қатарын баяндады.
Жиынға қатысушы мекеме, бөлім басшылары, қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер бейнероликтегі нақты мысалдардан сыйбайластықтың салдары тым ауыр екеніне куә болды.
Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ,
Бөкей ордасы ауданы