8.08.2018, 13:02
Оқылды: 18

Жәнібекте баласына екпе алудан бас тартқан ата-ананың 70-80 пайызы дін жолындағылар

Жәнібек аудандық ауруханасының балалар дәрігері Жалғас Сағадетовтың айтуынша, аудан бойынша баласына екпе салудан бас тартқан ата-ананың 70-80 пайызы дін жолындағылар.

Екпе Жәнібек

Дәрігердің сөзінше, оған бекітілген №1 педиатрияда екпе салынбаған 11 бала бар. Соның 6-ның әке-шешесі дін жолында болғандықтан, қалған 5-уі ауруына байланысты екпе алмауда. Сондай-ақ аудандық аурухананың балалар дәрігері Динара Устемироваға бекітіліп берілген №2 педиатрияда екпе алмаған 6 баланың 5-уі діни сенімге берік жандар да, біреуі сырқатына байланысты екпе салдырмаған.

      –Дін жолындағы ата-аналар екпеден бас тартуда себебін айтпайды, вакцинаға сенімсіздігін алға тартады. Сонымен қатар түрлі жалған ақпаратқа, жаңсақ пікір, қауесет сөзге сенеді. Олар балаларына екпе салдырудан бұлтарғанымен, тегін медициналық көмектен бас тартпайды,- дейді дәрігерлер.

                                                                                                   Н.Өтей,

Жәнібек ауданы

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале