Қаратөбе ауданында аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Еңбек жәрмеңкесінің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан сөз сөйлеп, жәрмеңкеге жұмыс табу үмітімен келген жұмыс іздеушілерді шараның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Аталмыш шараға ауданның денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің басшылары арнайы келіп, жастарды бос тұрған қызмет орындарына жұмысқа шақырды.
– Бүгінгі жәрмеңкеге 39 мекемеден 126 бос жұмыс орынының ұсынылып, 54 жұмысқа орналасуға жолыққан жастардың 51-і жұмысқа жолдама алып отыр. Мамандықтары бойынша қызметке орналасқан мамандарға сәттілік тілеймін. Еңбек жолын бастаған жас амандар елдің дамуына өзіндік үлестерін қосады деп сенемін, - деді жұмысқа жолдама алғандарды құттықтап сөз сөйлеген аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Назира Жұмағалиева.
Жәрмеңке соңында қызметке кіріскелі тұрған жас мамандарға жолдама салтанатты түрде табысталып, кеңес берілді.
Айта кетейік, ауданда білім беру саласында математика, физика, химия, орыс тілі, технология пәнінің мұғалімдері жетіспесе, денсаулық сақтау саласында медбике, акушер мамандары тапшы.
Райымбек АБАЕВҚаратөбе ауданы
zhaikpress.kz