15 тамыз күні сағат 16.41-де Орал қаласының Желаев кенті маңайында қолдан жасалған су қоймасында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сол күні суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде сағат 15.10-да суға түсіп батып кеткен 1994 жылы туған азаматтың денесін тауып, судан алып шықты.
Сонымен қатар 15 тамыз күні сағат 19.00-де Теректі ауданы, Сатымшеген ауылы маңайында орналасқан су қоймасында 4 ауыл тұрғынының күшімен сағат 16.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп батып кеткен 1999 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан алынған.
Болашағы жарқын болуы мүмкін екі жас жігіттің өмірі қиылды. Суға кеткендердің өлімі туралы статистика да азаяр емес. Өткен 10 жылдың ішінде 270-тен астам адам суға кетсе, соның 70-ке жуығы балалар. Балалардың судағы өлімі көбіне үлкендер мен ересектердің нейқұмарлығынан болады. Көбінесе балалар үлкендердің қарауынсыз қалып өз бетімен су қоймаларына барып шомылады, ал қасірет орын алған кезде көмек көрсетуі мүмкін болатын ересек адам болмай қалады.
Алайда қайғыны болдырмауға болады, егер судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса.
Құрметті облыс қонақтар мен тұрғындар! Қауіпсіздік ережелерінің елемеудің кесірінен құрбан болмаңыз!
БҚО ТЖД мемлекеттік тіл
және ақпарат тобы
zhaikpress.kz