24.08.2018, 13:08
Оқылды: 49

Жәнібекте бос орындар жәрмеңкесі өтті

Zhanibek zharmenke          Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараның ашылу сәтінде партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі. Жәрмеңкеге ауданның денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының өкілдері қатысып, жастарды бос қызмет орындарына жұмысқа шақырды.

-Бүгінгі жәрмеңкеде 45 мекемеден 50 бос жұмыс орны ұсынылды. Мамандықтары бойынша қызметке орналасқан мамандарға сәттілік тілеймін. Еңбек жолын бастаған жас мамандар елдің дамуына өзіндік үлестерін қосарына сенімім мол, - деді жәрмеңкеде аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлыбек Төрешов.

Жәрмеңке соңында қызметке кіріскелі тұрған жас мамандарға жолдама табысталып, кеңес берілді.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале