29.08.2018, 18:12
Оқылды: 55

Ақжайық – Орал веложорығы басталды

Конституция күні құрметіне Ақжайық ауданы – Орал қаласы бағытындағы веложорық бастау алды. Салтанатты шара Ілбішінде өтті. Оған қатысқан аудан әкімі Әділ Жоламанов жиналғандарды Ата Заң күнімен құттықтады.

velojoryq (2)

            – Астана қаласының 20 жылдығына және Ата Заң мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған бұл шара жерлесіміз, спорт ардагері, шаңғы және велоспорт түрлерінен КСРО спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Шораев туған ауылдан басталып отыр. Ол веложорықтың ғана емес, көптеген игі істің бастамашысы болып келеді. Соның бәрі зор өнегенің қайнары екені анық. Атап айтсақ, жеке кәсіпкерлердің басын қосып, спортшыларға 20-ға жуық велосипедті тарту етті, - деді аудан әкімі Ә.Жоламанов.

            Шарада велошеру ауданның Чапаев, Бударин ауылдарында, одан әрі Үлкен Шағанда болып, Орал қаласында мәреленетіні жайында айтқан А.Шораев әсіресе жастардың дене шынықтыру мен спортқа ынтасы күшейетініне зор сенімін жеткізді.

Түске таман велошеру аудан орталығына жетті. Қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев құттықтап, сөз сөйледі. Орал қаласына дейін жалпы 200 шақырымды жүріп өтетін қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әли АСҚАР,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале