29.08.2018, 18:15
Оқылды: 59

«Нұржанар» акционерлік қоғамы қайырымдылық жасады

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қалалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген бірнеше тұрғын балаларына киім-кешек алуға өтініш білдірген екен.

nur otan (2)

Партиялықтар мұқтаж жандарға демеушілер іздеген сәтте Рустам Ахметов басшылық ететін «Нұржанар» акционерлік қоғамы бей-жай қарамай, көмек қолын созды. Олар  алты жанұядағы он балаға талғамдарына сай мектепке қажетті киімдер алып берді. Ата-аналар мен балалардың қуанышына «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Дәулетжанов пен «нұржанарлықтар» куә болып, балаларға деген базарлығын тарту етті.

– Бір балам жаз мезгілінде құрылыста жұмыс істейді, қыста жұмыссыз қалады. Келінім кәмелет жасқа толмаған алты немереммен үйде отыр. Төртеуі мектепте оқиды. Соларға көмек сұрап келген едім. Үш немереме сұраған киімдерін алып берді, мектептен де, басқалар да көмек беруде. Соған орай партия мүшелеріне, демеушілерге алғысымды білдіремін. Еңбектерінің жемісін көрсін. Еліміз тыныш болсын, – дейді қала тұрғыны Тояш  Бегеева есімді кейуана.

Ясипа   РАБАЕВА,

 «Орал   өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале