6.09.2018, 16:42
Оқылды: 23

БҚО әкімінің орынбасары Игорь Стексов «Теректі Май Комбинаты» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

БҚО әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов «Теректі Май Комбинаты» ЖШС-ның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

IMG_2132Кездесу барысында биылғы сатып алу бағалары мен майлы дақылдар мәселесі талқыланды.

Өсімдік шаруашылығындағы ең перспективалы бағыттардың бірі майлы дақылдарды өндіру және өңдеу болып табылады. Олар отандық және шетелдік нарықтарда сұранысқа ие, ал болашақта олар үшін сұраныс саны арта түсетін болады.

Биыл 53,9 мың гектар жерге майлы дақыл, оның ішінде 38,6 мың гектар күнбағыс  егілген болатын. Айта кететіні, жазғы дәнді дақылдар үшін ауа райы аса қолайлы бола қойған жоқ,. Соған қарамастан сәл болса да күнбағыстың өсуі көңіл толтырарлық.

Болжам бойынша 38 мың тонна майлы дақылды өндіру жоспарлануда, оның 33 мың тоннасы күнбағыс. Егісті жинау үшін дизель отынының қажетті мөлшері бар.

Ауыл шаруашылығы басқармасының

баспасөз қызметі

 Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале