Бөкей ордасы аудандық сотының төрайымы Гүлжиһан Сағитованың мәліметінше, жыл басынан бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібімен 7 қылмыстық іс қаралды, оның 1-уі аса ауыр емес қылмыс, қалған 6-уы қылмыстық теріс қылықтар.
Осы іс бойынша сотталушыға 1 593 025 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сотталушыларға тағайындалған айыппұл жазасы заңмен, белгілі мерзім ішінде төленіп, үкім орындалды.
Бұйрықтық тәртіппен қаралған істерге келсек, Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм елді мекенінің И. есімді азаматшасы Қырғызстан Республикасының азаматының жеке басын растайтын куәлігін қыстақтан жібермей заңсыз алғаны үшін ҚК-нің 384-бабының 1-бөлімімен, Ұялы ауылының тұрғыны Ғ. есімді азамат әйеліне пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқаны үшін ҚК-нің 115-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Ресей Федерациясының «Орда» шекара бекетінен қолдан жасалған пышақ, яғни, суық қаруды өткізбек әрекеті анықталып, суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін (ҚК-нің 287-бабының 1-бөлімі) қылмыстық іс қозғады. Ұялы ауылының Т. есімді тұрғыны шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасымалдап, өткізіп және сақтағаны үшін ҚК-нің 197-бабының 1-бөлімімен жауапқа тартылды.
Айша ҚҰРМАШ,
Бөкей ордасы ауданы