11.09.2018, 12:01
Оқылды: 23

Жаңақалада 243 жаңа жұмыс орны ашылған

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты  Жаңақала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-жапсарына арналды.

UQLQdlBtNUk

Ауданның тыныс-тіршілігіне тоқталған аудан әкімі Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша,  1 шілдедегі түзетілген бюджеттің шығыстар бөлігінің  2 млрд. 206 млн. 827,0 мың теңгесі игерілген, яғни 99,5 пайызды құрайды. Алты айда кәсіпкерлік  субъектілері 2 млрд. 479,6 млн. теңгенің өнімін өндіріп,  аудандық бюджетке 49,1 млн.  теңге  салық төлемі түскен. Спикер өз сөзінде мал басының саны артып келе жатқанын айтты. Есепті кезеңде ауыл шаруашылық саласында өндірілген өнім  3 млрд. 362 млн. теңгені құрап отыр. Жалпы аудан тауар өндірушілері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруға, аналық, асыл тұқымды мал сатып алу үшін 205,72 млн теңгеге субсидияға қол жеткізген екен. Биылғы жоспарланған 132,3 мың тонна мал азығының қазіргі орындалу барысы 95,3 мың тоннаны құрап отыр.

Жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталған спикердің сөзінше, ауданда 243 жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл ауыл жастары мен студенттерді жұмыспен қамтуға және ауылды көгалдандыруға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы ауданда тұңғыш рет жүзеге асырылған екен. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 1,4 млн., ал облыстық қазынадан 1,8 млн. теңге қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 50 жас жазғы демалыс кезінде маусымдық жұмыстарға қатысқан. Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығына бөлінген ғимаратқа 450 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тағы бір жағымды жаңалық, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аудандық жастар коворкинг орталығын ашуға 655 мың теңге қаражат қарастырылып, жастар орталығы жасақталуда. Бүгінде аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен аудан тұрғындарының 54,8 пайызы қамтылған болса, топтық су құбыры іске қосылғанда аудандағы 8 елді мекен таза ауыз сумен қамтылатын болады. Қазір Қырқопа  және  Қызылоба ауылдарын  ауыз сумен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда.

Наурызбай Қадырбайұлы өз сөзінде білім, денсаулық, мәдениет және спорт, құрылыс салаларында, қоғамдық тәртіп және қылмыспен күрес мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Ясипа РАБАЕВА,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале