14.09.2018, 12:13
Оқылды: 61

Зеленовта күзет қызметінің ұжымы музейге саяхат жасады

Зеленовта ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері қызметтен тыс уақытта аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады. Рухани-эстетикалық таным көкжиегін кеңейту, аудан тарихын зерделеуді мақсат еткен шарада жеке құрамға тарихи мәлімет ұсынылды.

саяхат1

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласы аясында ұйымдастырылған музейдің жәдігерлер қатарында аудан аумағынан табылған белгісіз жануарлар сүйектері, тұрғындар тапсырған тұрмыстық заттар мен 1924 жылы Мәскеуден шыққан «Известия», «Беднота» газеттері, 1937 жылы Алматыдан шыққан «Социалды Қазақстан» газетінің толық тігіндісі, сирек кездесетін көне кітаптар мен тарихи маңызды фотосуреттер бар.

Музейде әзірге «Қазақстан тарихы», «Табиғат және экология», «Ауыл шаруашылығы», «Геология», «Жәдігер», «Ассамблея тарихы», «Тұлғалар» залдары мен көрме залы, конференц залы жасақталған.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, елдің өткенін дәріптеуге, аудан тұлғаларын танытуға, ардагерлердің еңбектерін ұлықтауға, екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр жауынгерлеріміздің ерлік жолын насихаттауға бағытталған жұмыстар туралы баяндаған музей директоры Нұржан Дүзбатыров жеке құрамды бірлесе жұмыстануға шақырды.

- Музей қабырғасында ұйымдастырылатын патриоттық тақырыптағы бас қосуларда әскери қызметтің жауапкершілігі туралы баяндап, жастарды патриотизмге баулуға ықпал етуге уағдаластық. Сондай-ақ көне жәдігерлердің жерде қалмай, музейден орын алуына барынша атсалысатын боламыз, - дейді БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының №2 полиция батальонының 5-взвод бөлімшесі командирінің міндетін атқарушы, полиция аға сержанты Кенжебек Аталықов.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале