25.09.2018, 11:44
Оқылды: 40

Қаратөбеде 7620 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Бұл туралы бүгін Батыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев мәлімдеді.

Karatobe brifing

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге конкурстар өткізіліп, 13 шаруа қожалығына 11 800 га. болатын жер учаскесі берілді. Аудан бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жұмыстарының нәтижесінде аумағы 7260 га. болатын 10 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Тағы да көлемі 1241 га. 3 жер учаскесіне жүргізілген тексеріс нәтижесінде БҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасынан мемлекет меншігіне қайтару туралы нұсқама беріліп, қазіргі таңда қаралуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале