27.09.2018, 11:12
Оқылды: 31

Жылжымалы медициналық кешен Ақжайық ауданында науқастарды қабылдады  

 

medicinaОблысымыздың тіпті түкпірдегі ауылдарына дейін жылжымалы медициналық кешеннің сапарлары соңғы жылдары жүйелі сипат алды. Бұл тұрғындардың аудан немесе облыс орталықтарындағы медициналық мекемелерге бармай-ақ, яғни білікті дәрігерлерге ауылдан ұзап шықпай қаралуына зор мүмкіндік әкелуде.


 

Құрамында терапевт, гинеколог, хирург, лор дәрігерлер және балалар дәрігерлері бар медициналық кешен Ақжайық ауданының Жайықтың сол жағалауындағы ауылдарына сапарға шықты. Олар алдымен Құрайлысай ауылдық округіне ат басын тіреді. Осында ақжелеңділер 190 тұрғынның денсаулығын тексерді. Оның ішінде, жүктілік есебіндегі 12 ана қаралды, босанғаннан кейінгі медициналық байқастаудан 6 ана өтті. ЭКГ-ге түсірудің қорытындысымен дәрігерлерден ақыл-кеңес алғандар аз болған жоқ.

– Мектеп оқушыларынан 6 балаға Чапаевтағы, 12 балаға Оралдағы медициналық мекемелерге барып қаралуға жолдама берілді. Терапевт үш кісіні аудандық емханаға жолдады,- дейді Құрайлысай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Анар Нұрғожиева.

Қазір медициналық кешен бригадасы Көнеккеткен ауылдық округінің тұрғындарын дәрігерлік тексерістен өткізуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале