Сырым ауданында өткен жерлестер форумында ауданның саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына сүбелі үлес қосқан ел азаматтарына «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Аудан әкімі Т.Төреғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстан Театрлар ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров, КСРО және ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, ҚР білім беру саласының үздігі Мақсот Берген, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Махмет Қажиахметов, тарих ғылымдарының профессоры, Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен Сүлейменоваға «Сырым ауданының құрметті азаматы» атағын табыс етті.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz