Биыл Күнбатыс Алашордаға - 100 жыл. Алаш арысы, қазақтың тұңғыш заңгері, Күнбатыс Алашорда үкіметінің төрағасы Жаһанша Досмұхамедовке арнап туған жері Сырым ауданы, Бұлдырты ауылдық округінің Қарақұдық елді мекенінде, халықаралық Самара-Шымкент тас жолының бойынан ескерткіш белгі ашылды.
Ескерткіш белгінің ашылу салтанатында Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев, әдебиеттанушы ғалым, эссеист, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, өлкетанушы, Сырым ауданының құрметті азаматы Жайсаң Ақбай сөз сөйлеп, Жаһанша деген елдің құрметі мұнымен бітпейтіндігін, алаш ақтаңдағына арналған белгінің өзектілігі барын, жастар үшін зор тәрбиелік, рухани маңызға ие екендігін, айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілуі қажеттігін айтты.
Ескерткіш белгіні аудан әкімі Т.Төреғалиев, ғалымдар М.Тәж-Мұрат пен Ж.Ақбай, Сырым ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз К.Федянин ашты.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!