Сырым ауданы, Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің фойесіне қойылған «Алаштың рухы – ұлттық рух» атты кітап көрмесінде Алашорда тарихы, Күнбатыс Алашорда және Жаһанша Досмұхамедов туралы өмірдерек қамтылған кітап көрмесі таныстырылды.
Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Алаш аманаты» кітабын Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева алаш тарихының тереңіне бойлап, танымдылығы мен тағылымдылығын зерделеп, ұрпаққа сыбаға етіп ұсынды. Құнды дүниені жинақтап, құрастырды. Төрт бөлімнен тұратын кітапта Жаһанша туралы Мәскеу мұрағатынан алынған құжаттар, Семей, Мәскеу қалаларына ауданнан барған экспедиция, былтырғы Алашорданың 100 жылдығына орай өткен шаралар, онлайн конференциялар, семинарлар, ауданға басқа облыстардан келген экспедициялар, 100 алаш қайраткерінің өмірдеректері жарияланған. Оқырманға жол тартқан жаңа кітаптың тұсауын шара қонақтары М.Тәж-Мұрат пен Ж.Ақбай кесті.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!