22.10.2018, 15:40
Оқылды: 52

Қазталовта ауыл шаруашылық күніне орай бәйге өтті

Қазталов ауданында ауыл шаруашылығы күніне орай ұйымдастырылған шара дала қызықтарымен жалғасты. Білекті де жүректі жігіттер қол күресі мен 180 келілік трактор дөңгелегін аударудан сайысқа түссе, көпшілік күткен сәйгүліктер жарысы да өтті.

qaztalov sh (2)

Тай жарысы, тоқ бәйге мен аламан бәйгеге облысымыздың барлық дерлік аудандарынан және көршілес Ресей елінің тұлпарлары қатысты.

Қашықтығы 6 шақырымды құрайтын тай жарысында Жаңақала ауданынан келген Иман Қарағойшиннің «Нұрқасқа» атты жүйрігі бірінші келсе, 12 шақырымдық тоқ бәйгеде 20 тұлпарды басып озып, бөкейордалық  Асқар Қажияқпаровтың «Байторысы» бас жүлдені жеңіп алды. Ал көптің делебесін қоздырған 21 шақырымдық аламан бәйгеге іріктелген 12-ге тарта тұлпар жіберілді. Бәйгенің басынан сәйгүлік арасынан оқ бойы оза шапқан Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының Құбайдолла Биғазиевтің «Комбат» атты сәйгүлігі бас жүлдені жеңіп алса, екінші орынды Бөрлі ауданынан келген Слава Төлегеновтың «Паутина» атты тұлпары иемденді. Мәре сызығын үшінші болып Ақжайық ауданынан келген Қобылан Салықовтың «Құндызқара» атты сәйгүлігі кесіп өтті.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале