Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов еңбек ардагері Төлеген Себеповпен кездесті.
Кездесу барысында облыста әлеуметтік-экономикалық даму және ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
-Cаналы ғұмырыңызды адал еңбекке арнаған жоғары кәсіби, тәжірибесі мол мамансыз. Таңдаған салаңызға деген адалдығыңыз, жауапкершілігіңіз, біліміңіз, тәжірибе мен өнегелі істеріңіз қашан да зор құрметке лайық, - деп облыс әкімі алғысын білдірді.
Өз кезегінде еңбек ардагері ауыл шаруашылық саласына өз үлесін қоса беретінін облыс әкіміне айтып, ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, Төлеген Себепов «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы». 1938 жылы 2 қарашада Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында ғалым-зоотехник мамандығы бойынша оқып, еңбек жолын өзі туған ауданда бөлімше зоотехнигінен бастап, совхоз директоры дәрежесіне дейін көтерілді. Еңбек жолындағы жетістіктері үшін 1970 жылы «Еңбек Қызыл Ту», 1972 жылы «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазіргі кезде зейнеткер Астана қаласында тұрады.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!