23.10.2018, 10:55
Оқылды: 70

Теректі ауданына жазушы Хамза Есенжановтың ұрпақтары келді

Белгілі жазушы, «Ақ Жайық» трилогиясының авторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Хамза Есенжановтың туыстары кеп, Подстепный ауылында орналасқан «Ұлы дала» саябағындағы жазушы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

hamza (3)

         Хамза Есенжановтың немере інісі, академик, Ұлыбритания экологтар ұйымының толық мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, биология ғылымдарының докторы, Құрмет орденінің иегері – Айтқожа Биғалиев және жазушының келіні, фольклортанушы, шығыстанушы, ілеспе аудармашы-синхронист, ғалым, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, арабтанушы – Дина Есенжан «Үміт» лингвистикалық гимназия оқушыларымен жүздесіп, жазушы туралы естеліктер айтты.

         Айта кету керек, биыл Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай ауданда бірқатар мән мен мағынасы келіскен ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір көрінісі - Подстепный ауылының орталық саябағында бой көтерген жазушы ескерткіші.

         Одан соң жазушы ұрпақтары Орал қаласындағы Хамза Есенжановтың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Әділет ОРЫНБАСАР,

zhaikpress.kz

hamza (1) hamza (2)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале