1.11.2018, 12:51
Оқылды: 32

Ақпәтердегі қожалық 100 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алды

Қазталов ауданы Ақпәтер ауылының «Бейназар-Б» шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара өсіруде. Етті-сүтті мал өсіріп, етін экспорттау туралы тұжырымға да жақ. Ірі қараның Ангус деп аталатын асыл тұқымдысын өрісте өргізіп отыр.

qaztalov iri qara (1)

2002 жылы құрылған «Бейназар-Б» шаруа қожалығы бүгінде аудандағы алдыңғы қатардағы шаруашылықтардың бірі. «Мал баққанға бітеді» демекші қарамағында 700 бас ірі қара малы, 1500 бас қой төлі мен 400 бастай жылқы өргізіп, пайдасын көріп отыр. Елбасының асыл тұқымды мал өсіріп, ет экспортын дамыту бағытындағы тапсырмасына өз үлесін қосу мақсатында Бейбіт Өтеғұлов биыл 100 бас ангустің қашары мен 8 бас бұқасын сатып алған.

Ғалымдардың сараптауынша, салмақ қосу, ет сапасы мен дене пішінінің жұмырлығы бойынша әлемде бірінші орында тұрған абердин-ангус ұсақталып кеткен өзге тұқымды малды асылдандыруға да тиімді. Сол себепті Бейбіт ауылдағы малды тұқымдық түрлендіруге үлесін қоспақшы. Төлінің тез өсетінімен ерекшеленетін ангус қақаған аяз бен аптап ыстыққа шыдамды, әрі ауруға төзімді болып келеді.Жалпы «Ангус» тұқымы – тез өсіп жетілетін, мүйізсіз сиыр. Етті келеді. Аналығының орташа тірідей салмағы 550-600 килоны құраса, бұқасының салмағы 800-850 килоны құрайды екен. Бұған дейін Серік Темірханов жетекшілік ететін шаруа қожалығы алса, бүгінде солардың қатарын «Бейназар-Б» шаруа қожалығы толықтырып отыр.

-Ақтөбенің «АкТеп» ЖШС-нан бұл малдарды жеті жылға келісім-шартпен жалға алып отырмыз. Пайдасы бар деп есептейміз. Алдағы уақытта бәрі жақсы болып, төлі өсіп жатырса тағы да аламыз ба деген ой бар. Жоспарымыз асыл тұқымды мал басын көбейту,-дейді «Бейназар-Б» шаруа қожалығының жетекшісі.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале