16.11.2018, 13:00
Оқылды: 52

Павлодардан күміс жүлдемен оралды

Тоғызқұмалақтан Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін XI республикалық турнир мәресіне жетті.

janaqala kumis

Павлодар қаласындағы дүбірі алыстан естілген жарысқа Ауғанстан, Әзербайжан, Түркия, Қытай, Моңғолия елдерінен және Астана мен Алматы қалаларынан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Семей, Батыс Қазақстан облыстарынан 400-ден астам спортшы қатысты.

         Бұл жарыста Жаңақала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің балғын спортшылары да бақтарын сынады.

         Екі күнге созылған ақыл-ой додасында 8 жас ұлдар арасында Жаңақала ауданының спортшысы Бекнұр Тұрсынбай күміс жүлдегер атанды. Ал осы жарыста үздік нәтиже көрсеткені үшін Айнара Тұрсынбай мен Жігер Мирас арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ қалған спортшыларға жарысқа белсенді қатынасқаны үшін арнайы сертификаттар берілді.

         -Бекнұрдың тоғызқұмалақпен шұғылданып жүргеніне 1 жыл болса да, республикалық жарыстың күміс жүлде иегері атанғаны аудан үшін мақтаныш. Ол әлі талай жарыста атой салары сөзсіз. Болашағынан үлкен үміт күтемін,-дейді жаттықтырушысы Қайрат Шәутенов.

Ақсұңқар СӘДІР,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале