Тасқала ауданы Амангелді ауылында Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай ауданның жас күйшілері өнер бәйгесіне түсті.
Домбыра додасын аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Намыс» жастар бірлестігі ұйымдастырды. Екі бөлімнен тұрған күй сайысы «Күйімен елді тербеген» тақырыбында өтті.
Барлығы 8 өнерпаз бақ сынаған сайыстың шарты бойынша қатысушылар бірінші кезеңде күй атасы Құрманғазының туындыларын орындаса, екінші бөлімде орындаушыларға еркін тақырып берілді. Нәтижесінде тасқалалық Д.Гайнуллиева І орынды жеңіп алды. Тағы бір тасқалалық Н.Таңғатарова ІІ, амангелділік А.Қарабалиев 3 орынды еншіледі.
Төл өнерді насихаттауды мақсат тұтып, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған аталмыш шара алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Қамбар РАХМЕТОВ,
«Намыс»ЖҚБ төрағасы
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!