БҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ардагерлер кеңесі төрағасы Михаил Трошихинмен кездесу өтті.
Басқосуға ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген облыс ардагерлері қатысты.
Кездесу барысында М.Трошихин ауыл шаруашылығының бір топ ардагерлерін ауыл шаруашылығы күніме құттықтай келе «Құрметті ардагер» медалін табыс етті.
Ардагерлер қазіргі ауыл шаруашылығының жағдайы, тұрмыс-тіршілігі, тағы да басқа мәселелер туралы пікір алмасып, өтініш-тілектерін айтты.
Алдымен ардагерлердің статусын белгілейтін Заң қабылданса дейді жиналғандар. «Ауыл мен елді мекендердегі мәселелер жеткілікті көтеріліп жүрген жоқ, көтерілсе де мән беріліп, тиісті орындар жауап беріп жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығын дамытудың республика бойынша тұрақты концепциясы жоқ» деп өз ойларын айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Н. ІЗТІЛЕУОВ,
БҚО ауыл шаруашылығы ардагерлері
қоғамдық кеңесінің төрағасы
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!