22.11.2018, 18:44
Оқылды: 74

Мақаланың меңзері алыс, мәні терең

Елбасы жариялаған  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын Қазақ елінің өткен тарихынан терең мағлұматтар бере отырып, бүгінгі заман адамын тарихты білуге, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды қадір тұтуға үндейді.

бимуханов фото

«Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды» - дейді Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев мақалада.

Әсіресе, Елбасымы тағылымы мол тарихи жарияланымда атқа міну мәдениеті жайлы тереңнен ой қозғайды. Сонау ықылым заманнан бастау алатын ұлттық мәдениет атқа міну дәстүрі қазіргі қоғамға бабалардың асқақ рухымен, қажыр-қайратымен жетсе керек-ті.

«Ат – ер қанаты» дейді халық даналығы. Кешегі өткен тарихын жылқының мінезімен байланыстыратын елде осы бір киелі жануар – ер серігі, сырласы екендігі даусыз. Шыны керек, ат үстінде күн көрген ата-бабаларымыз бізді қастерлі жолда рухани құндылықтар мен ұлы мұраттарға жетеледі.

Тарих парағын ақтарсақ, қасиетті жүйрік аттың текті мінезі, оның құдіретті болмыс-бітімі қазақтың батырлар жырларында, лиро-эпостық дастандарда көптеп кездеседі. Сол себепті де өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру үрдісінде көркемсөз, өлең оқу іс-шараларын қоспағанда, батырлар жырларын оқушы өрендердің дәстүрлі конкурсын өткізуді білім, мәдениет саласы мамандары қолға алса деген тілек-өтініш бары рас. Бұл жұмыс және де жүйелі түрде ұйымдастырылып, нәтижеге бағытталуы тиіс.

Осы бағытта жуырда ғана Зеленов ауданына қарасты Мичурин ауылында «Sayat» этнотуристік орталығы ашылды.

Елге танымал жеке кәсіпкер Мұрат Жәкібаевтың бастамасымен ашылған кешенде атпен жүру сабақтары, туристік бағыттарда атпен жүру, аймақтың мәдени және табиғи көрікті жерлеріне туристік маршруттар жүргізу бағытында жұмысардың жүргізілуі мерейімізді өсіреді.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп ой түйіндейді Елбасымыз тарихи маңызды құжатта.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Қазақстан Республикасы ақпарат саласының үздігі,

«Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалының

директор-редакторы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале