28.11.2018, 17:35
Оқылды: 18

Атырау мен Оралдың мұнайшы және студент жастарының футболдан жолдастық кездесуі өтті

Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығы мен «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы жастарының қабылдаған ынтымақтастық Меморандумы жүзеге асырылуда. Өткен аптада Орал қаласындағы индустриялды колледжінің студенттері компанияның жергілікті өнеркәсіптік базасында болып, өндіріспен танысқан болатын. Енді міне, Атырау мұнай құбыры басқармасының футбол құрамасымен БҚО жастар ресурстық орталығының командасы жолдастық кездесу өткізді.

futbol (1)

         Оралдағы тартысты футбол сайысында спортшы жастар бір-біріне дес берген жоқ. Құрама футболшылары кезек-кезек қақпаларға шабуылдап, ойын өрнегін қыздырды. Нәтижесінде футболдан жолдастық кездесу есебі 5:5 есебімен тең аяқталды.

          Бұл – футболдан алғашқы кездесу. Енді жас футболшылар алда тағы да сайыспақ ниетте. Атырау мұнай құбыры басқармасының Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада шеңберінде өткен футболшылардың жолдастық кездесуі осылайша қызықты да тартысқа толы өтті.

          - Кездесу өндірісші жастар мен студент жастарды және түрлі қызметтегі жастарды жақындастыра түскеніне күмәнім жоқ. Бұл футболдан жолдастық кездесуде біз бір-бірімізді ұтуды көздеген жоқпыз, байланысымызды нығайтуға қадам жасадық. Болашақта өндірісші жастармен салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыратын боламыз. Спорт біздің серігіміз. Мұнайшы жастардың спортқа деген құлшынысын байқадық. Енді спорттық сайыстарда жиі кездесетін боламыз деген ойдамын,- дейді БҚО жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Белен Ашимов.

         Жолдастық кездесу соңында БҚО жастар құрамасына Атырау мұнай құбыры басқармасы басшылығы Алғыс хат пен сайыстың арнайы кубогын табыс етті. Өндірістегі жастар болашақта жастар ресурстық орталығы арқылы Орал қаласында өтетін түрлі спорттық шараларға қатысатын болады.

futbol (4)

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале