Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік және ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Құралай Арыстанова Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Кітапхана саласында он жылдан астам еңбек өтілі бар Құралай Темірболатқызы ұжым алдында үлкен беделге ие, өз ісінің білгірі.
-Бүгінгі берілген марапат – әріптесімізге деген құрмет. Біз әріптесіміз Құралайдан үлкен үміт күтеміз, - дейді кітапхана директоры Жеңісгүл Қалиқызы.
Ал марапат иесі Құралай Темірболатқызы болса, «Бұл қызметке анам Талина Шынғанымның орнына келген едім. Анам зейнеткерлік жасқа шыққанда, осы жерге қызметке орналастым. Бұл марапат – анамның еңбегінің жемісі» деп қолдау көрсеткен ұжымына да алғысын жеткізді.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер