Бұрқасын мен көктайғаққа байланысты Батыс Қазақстанда республикалық маңызға ие барлық жолдар жабылды.
«Қазгидромет» РМК-ның БҚОФ 2018 жылғы 26 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 27 желтоқсанда түнде БҚО бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді, қатты жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қаласында 27 желтоқсанда түнде, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, қатты жауын-шашын бұрқасын, тұман, көктайғақ болмақ.
Ал төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу үшін іс-шара жүргізілетінін, төтенше жағдайлар бола қалса, оны жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылғанын хабарлады.
Айта кетейік, 29 желтоқсанмен 2019 жылдың 3 қаңтары аралығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін БҚО полиция Департаментінің тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс жүргізеді.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер