27.12.2018, 12:05
Оқылды: 176

Қаратөбеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қаратөбе ауданының Қаратөбе, Қоскөл, Егіндікөл, Жусандыой, Саралжын ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жәрмеңке ұйымдастырды.

 jarmenke

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ермек Сайыновтың айтуынша жергілікті кәсіпкерлер өнімдерінің құнын нарықтық бағадан 20-30 пайызға төмендетілген бағамен сатып, халыққа қызмет көрсетті.

Жәрмеңкеде сатылған тауар бағалары біркелкі, сиыр етінің 1 келісі орта есеппен 1200-1300 теңгеден, жылқы етін 1300 теңгеден, қой етін 1000 теңгеден қойды. Сары майдың келісі 2200 теңгеден, сүттің 1 литрі 100 теңгеден, айранның 1 литрі 150 теңгеден, 1 литрлік банкіге салынған қурылған тарының бағасы 600 теңгеден, талқанның бағасы 700 теңгеден саудаланды. Ал картоптың келісі 80 теңге, пияз 75 теңге, қаймақтың 1 литрі 1800 теңгеден, жұмыртқаның бір данасы 25 теңгеден сатылды.

Аптаның аяғына қарай осындай жәрмеңкені Аққозы, Сулыкөл, Қаракөл ауылдық округтері ұйымдастырмақ.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале