29.09.2026, 22:45
Оқылды: 4

​Жалпақталда жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді

​Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік осал топтарын, көпбалалы отбасылар мен баспана кезегінде тұрған азаматтарды қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылында жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

image-29-09-26-10-31-8

Тұрғындар «Отбасы банк» арқылы көптен күткен баспаналарына қол жеткізді.

Салтанатты шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық бөлім басшылары, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған аудан әкімі Президент тапсырмасына сай өңірде үй кезегінде тұрған жандарға арналған құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатқанын атап өтіп, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

image-29-09-26-10-31

Шара барысында Ақайна Сафина, Жарқынай Бекболсинова, Жанар Саматова, Ақсамал Жұмағалиева және Шолпан Қыдырғалиеваға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Ауылдың белсенді тұрғыны, зейнеткер Жасталап Қазиуллин ел басшылығына алғысын білдіріп, жаңа баспана иелеріне ақ батасын берді.

Қыдыр Харесұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале