Ұлттық өнердің ұлы мұратын ұлықтаған тарихи жобаның бел ортасынан асқан тұсында Хатимолла Жәңгірұлы домбыраның қоңыр үнімен 70-ке жуық халық әнін орындап, дәстүрлі ән өнеріндегі жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға бағытталған өнер марафонын жалғастыруда.

Екі сағаттан астам уақыт бойы үздіксіз шырқалған әсем әуендер мен халық әндері — сан ғасырлық ән мұрамыздың өміршеңдігін, ұлттық өнердің асқақ рухын айшықтай түсті.
Өнер додасы мұнымен тоқтамайды.

Алдағы уақытта Хатимолла Жәңгірұлы домбырамен қатар баян мен фортепианоның сүйемелдеуімен, сондай-ақ Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің қолдауымен ән шырқап, рекордтық көрсеткішті одан әрі толықтыра түседі.
Айжан Амангельдина,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі