Бүгін «Атамекен» концерт залында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясының дәстүрлі әншісі, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиевтың қатысуымен дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға арналған жоба басталды.

Жобаның ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медхат Қамбетов жобаға қатысатын дәстүрлі әншілерге сәттілік тіледі.

Медхат Мұсаұлы дәстүрлі әншілер, 114 ән орындаған тараздық Бақыт Шағырбаев пен 102 ән орындаған семейлік Қайрат Қабышевті сахнаға шақырып, елдің атынан ат мінгізіп, иығына шапан жапты.
Айжан Бауыржанқызы,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
