29.09.2026, 9:00
Оқылды: 8

БҚО мен Өзбекстан өңірлері арасындағы байланыс бекиді

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримовпен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

827377571_2293281511430723_7177919009358345360_n

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 млрд АҚШ долларына жеткізу міндеті қойылған.

2026 жылдың алғашқы төрт айында Батыс Қазақстан облысының Өзбекстанмен тауар айналымы 40,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға өсті. Оның 40,3 млн доллары – экспорт, 0,4 млн доллары – импорт. Негізгі экспорттық өнімдер – жанармай, табиғи газ конденсаты, ірі қара еті және күнбағыс майы.

827533072_924748947062558_8780851920690987876_n

Кездесуде кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері қаралды. Өңір кәсіпорындарының көлік, құрылыс және мұнай-химия өнімдерін жеткізу бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын екені айтылды.

825279089_1346130620707770_5848612392502380689_n

Сондай-ақ Ташкент пен Батыс Қазақстан облысында сауда үйлерін ашу мүмкіндігін қарастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Туризм саласындағы байланысты дамыту, жүк тасымалы мен транзиттік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале