29.09.2026, 10:15
Оқылды: 19

Ауылшаруашылық өнімдерін өткізу бойынша KPO B.V. компаниясымен ынтымақтастық күшейді

БҚО  әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін KPO b.v. компаниясына және оның мердігер ұйымдарына өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған KPO b.v. компаниясының басшылығы мен мердігер ұйымдары, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

825997922_1792015635170789_7751531869989861696_n

Аймақ басшысының орынбасары «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауыл тұрғындарының табысын арттырудағы маңызын атап өтті. 2023-2026 жылдары бағдарлама аясында өңірге 16,6 млрд теңгеден астам қаржы тартылып, 1746 микрокредит берілді және 2537 жаңа жұмыс орны құрылды.

829730943_1565150494861236_476431207736922444_n

— KPO b.v. компаниясымен нәтижелі жұмыс жасап, өзара ынтымақтастықты жолға қойып келеміз. Бұл серіктестік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде меморандум аясында компанияға жалпы құны 1 млрд 270 млн теңгенің өнімі жеткізілді. Ендігі міндет – осы жұмысты одан әрі жалғастырып, жаңа келісімшарттар жасасу және өндіріс көлемін арттыру, — деді Қалияр Айтмұхамбетов.

825279703_2164094337842522_6043925842120023186_n

Меморандум аясында компанияға 48,5 тонна сүт өнімдері, 6 млн 568 мың дана жұмыртқа, 213 тонна ет және 677 тонна көкөніс жеткізілген.

825278509_2345215446309255_6953335399276606581_n

Өңірде зәкірлік кооперацияның төрт негізгі бағыты – ет, сүт, өсімдік шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша өндіріс көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес барысында KPO b.v. компаниясы мен облыс әкімдігі арасында бұрын жасалған меморандумдарды ұзарту, жаңа өндірістік нысандармен келісімшарттар жасау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

825888905_1755524486282325_4530468773428850636_n

Жиын соңында KPO b.v. бизнес-серіктестеріне тамақ өнімдерін жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және «Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-мен келісімшарттарға қол қойды.

 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале