29.09.2026, 17:30
Оқылды: 3

БҚО-да дәнді дақылдардың өнімділігі бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізілді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде егін жинау науқанының барысы және жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев селекторлық режимде қатысты.

830349629_847043698498828_7984968842204212044_n

Аймақ басшысы Премьер-министрге маңызды науқанның барысы туралы баяндады. Өңірде дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды. Қолайлы ауа райы мен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биыл дәнді дақылдардың өнімділігі бойынша тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Орташа өнімділік гектарына 21 центнерді құрап, алғашқы салмақта 605 мың тонна астық жиналды.

Қазіргі уақытта майлы дақылдар, картоп және кеш пісетін көкөністерді жинау жалғасуда. Бұл жұмыстарды 15 қазанға дейін толық аяқтау жоспарланған. Жиналған астық облыстың тұқымдық, азық-түліктік және жемдік қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өнімді сақтауға жалпы сыйымдылығы 818 мың тонна астық қоймалары дайын.

828127954_1639604947563661_2024693861240567952_n

Мемлекеттік қолдау шаралары да шаруалардың жұмысын жүйелі жүргізуге мүмкіндік берді. Биыл «Кең дала» бағдарламасы арқылы облысқа 22,9 млрд теңге бөлініп, шаруаларға 18,7 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. 5 пайыздық жеңілдетілген лизинг арқылы 20 млрд теңгеге 1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оның 90 пайыздан астамы – отандық өндіріс.

Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау инфрақұрылымын кеңейту және суармалы жер көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Биыл суармалы жер көлемі 15 мың гектарға жетеді.

828127954_1639604947563661_2024693861240567952_n (1)

Үкімет отырысында Премьер-министр өңірлердің жылыту маусымына дайындығына да тоқталып, әлеуметтік нысандарға жылуды бірінші кезекте беруді және барлық дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале