29.09.2026, 15:00
Оқылды: 10

Шыңғырлауда Еңбек күніне орай ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді

Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамы – елдің тірегі» атты тағылымды кездесу өтті.

image-29-09-26-11-55 (1)

Мерекелік басқосу «Әділет» партиясы филиалының мәжіліс залында өткізіліп, оған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер ұйымы мен ақсақалдар кеңесінің өкілдері, түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен жұмысшы мамандық иелері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айшықтау, олардың көпжылдық тәжірибесін дәріптеу, жас ұрпаққа еңбекқорлық пен жауапкершіліктің мәнін ұғындыру төңірегінде пікір алмасу болды.

Шара аясында жас фотограф Мейірбек Тажқұрановтың «Еңбек адамының бейнесі» атты фотокөрмесі көпшілік назарына ұсынылып, күнделікті тынымсыз тіршілігімен ел игілігіне қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін өнер тілімен танытуға мүмкіндік берді.

image-29-09-26-11-56 (3)

Жиын барысында еңбек тек күнкөріс көзі ғана емес, сонымен қатар адамды шыңдайтын, қоғамды алға жетелейтін және ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыратын маңызды құндылық екені атап өтілді. Еңбек адамына құрмет көрсету елге қызмет етудің, жауапкершіліктің және туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін бағалау екені айтылды.

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев кездесуге келген еңбек адамдарына ризашылығын білдіріп, құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі зор құрметке лайық екенін баяндады. Әсіресе, ұзақ жылдар бойы бір салада табанды еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және адалдығымен кейінгі буынға үлгі болған аға буын өкілдерінің өнегесіне тоқталды.

Кездесу барысында ауданның дамуына ұзақ жылдар бойы сүбелі үлес қосқан бірқатар еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандық иелері марапатталды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алғыс хаты құрылыс саласының дамуына үлес қосқан Нұржан Балаубаға табысталса, аудан әкімінің Алғыс хаты әр салада ұзақ жылдар еңбек еткен азаматтарға ұсынылды.

Мұндай марапаттар азаматтардың жылдар бойы атқарған еңбегіне берілген лайықты баға ғана емес, сонымен қатар еңбекке деген құрметтің, кәсіби адалдық пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызын айқындайтын тағылымды үлгі.

image-29-09-26-11-56 (2)

Сондай-ақ ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар мекемелердің ұжымдары да аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық және туған жерге арналған әндермен жалғасты.

 

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале