29.09.2026, 18:30
Оқылды: 4

Бөкей ордасы ауданында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

825330011_1621230442930017_8663871470055202640_n
Азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою кезінде бірлескен іс-қимылды пысықтау мақсатында Бөкей ордасы ауданында жиын және кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтық қорғау қызметтерінің, жауапты мекемелер мен ұйымдардың төтенше жағдай кезіндегі әрекеттері сараланып, өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.
Кешенді оқу-жаттығу барысында қатысушыларға шартты төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету, халықты қауіпсіз жерге көшіру, алғашқы көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зардаптарды жою бағыттары бойынша тапсырмалар берілді. Таратып айтсақ өрт шыққан, ауаға зиянды зат бөлінген жағдайдағы шұғыл әрекет сапасы бағаланды.
829575748_1621231109596617_6484374931973861946_n
Төтенше жағдай орын алған кезде басқару органдары мен арнайы қызметтердің дайындық деңгейін бағалау, материалдық-техникалық мүмкіндіктерін тексеру және практикалық дағдыларын жетілдіруді мақсат еткен шараға аудан басшысы Нұрлыбек Даумов, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары қатысты.
Жиын барысында азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
825329665_1621231869596541_1502825276369974943_n
Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, нақты жағдайға барынша жақындатылған тапсырмаларды орындады.
Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азаматтық қорғау қызметтерінің кез келген төтенше жағдайға дайын болуына мүмкіндік береді.
825352784_1621232206263174_3518351070111976474_n
Іс-шара қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға қатысқан қызметтердің жұмысы сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Анар Артықбай,
Суретке түсірген Әділет Абдиров,
Бөкей ордасы ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале