Ақжайық ауданы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде балықтардың тұншығуына қарсы шаралар қолға алынды. Айталық, Каленый орманшылығы аумағындағы Қарасу, Таға көлдерінде түрлі көлемде 60 ойық жасалды.
- Қазір аталған сулардағы мұздың қалыңдығы 10-11 сантиметр шамасында. Қар да жиі түсуде. Сондықтан өзен, көлдерде балықтарға ауа жетпей қалуы әбден ықтимал. Біздің қызметкерлер аталған шараны жүйелі жүргізетін болады,-дейді Каленый орманшылығының орманшысы Табылды Молдағалиев.
Каленыйлықтар сондай-ақ өздеріндегі аумағындағы 5 орамдағы ақыр-астауларды аңдар үшін шөп, тұз, жапырақпен қамтуды бастауда.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер