Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 855 қаулысына сай Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталатын болды.
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер