29.01.2019, 18:25
Оқылды: 21

БҚО-дағы кәсіпорындарға «KazakhExport» көмектесуде

Орал қаласын«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның сақтандыру департаменті директорының орынбасары Мейрамбек Жанғалиев кәсіпорын иелерімен кездесіп, экспорттық бағыттағы тауарөндірушілерге жасалатын мемлекеттік қолдау жайын түсіндірді.

WhatsApp Image 2019-01-29 at 02.01.16

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында облыстық кәсіпкерлік және инновациядық-индустриялық басқармасымен бірлесе отырып өтізген семинарда «KazakhExport» өкілі эксперт аймағына шыққанда қаржылық құралдарды қолдану барысы, сақтандыру міндеттемелерінің көлемі мен шетел нарығында сәтті жүзеге асқан кейстер жөнінде әңгімеледі.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша экспорттар өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылай сақтандыру және қаржылай емес қолдау тәжірибесін қалыптастыруды көздейді. 2017 жылы 10 наурызда ҚР Үкіметінің №112 қаулысымен «KazakhExport» ЭСҚ» АҚ ұлттық компаниялар тізбесіне енді.

– Ұлттық компанияның көмегімен 70 экспорттаушы былтырдың өзінде шетелге жеткізу бойынша 400 млрд. теңгеден астам сомаға келісімшарттар жасады. Шетел нарығына өнім экспорттағысы келген кәсіпорындарға уақтылы және кешенді түрде қолдау көрсету аса маңызды. Компания экспорт алдындағы қаржыландыруды жүзеге асырады. Халықаралық аренада «KazakhExport» сақтандыру жолымен шетелдік сатып алушының қарызды қайтармауына қатысты тәуекелді өз мойнына алады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банк займдарын сақтандыру арқылы банктен айналым капиталын толықтыру үшін несие алуға мүмкіндік береді. Бірнеше күннен бері облыстағы әлеуетті компания өкілдерімен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз. Ұлттық компания отандық кәсіпорындардың өнімдерін Ресей, Қырғызстан, Армения, Моңғолия, Грузияға экспорттауға қолдау білдіреді. Біздің қаржылық құралдардың операторы екінші деңгейлі банктер болып есептеледі. Мемлекеттік құрылымдармен де тығыз байланыста жұмыс жасаймыз, – деді Мейрамбек Жанғалиев.

2018 жылы «KazakhExport» компаниясы «Орал трансформатор зауыты», «КазАрмапром», «Рахат-Орал», «Орал құс фабрикасы» ЖШС-ларын эксперттік кредиттер мен займды сақтандыруға, трансформатор жабдықтары, шойын құю шарлары, кондитерлік өнімдер мен тауық жұмыртқаларын Ресейге экспорттауға көмектескен. Нәтижесінде компанияның облыстың экспорттаушыларына жасаған қолдау көлемі шамамен 700 млн. теңгені құрады.

Нұртай Текебаев,

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале