ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті «Ашық есік» күнін өткізеді.
Халыққа уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріледі. Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттен көрсетілетін қызметтер туралы заң түсіндіріліп, азаматтардың жеке мәселесі бойынша қабылдау жүргізіледі.
Іс-шараның мақсаты қос департамент пен халық арасында сенімді күшейтіп, байланысты арттыру.
«Ашық есік» шарасы 2019 жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-17:00 аралығында Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201 мекенжайында өтеді.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің БҚО бойынша
департаментінің баспасөз қызметі