6.03.2019, 9:57
Оқылды: 22

Бәйтеректе үстел теннисінен чемпионат өтті

Бәйтерек ауданында оқушылар арасында үстел теннисінен аудандық чемпионат өтті.

тен 1

Чемпионатқа аудан мектептерінен 9 команда қатысып, 23 оқушы бақ сынасты. Аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарыста қыздар арасында Алина Ищанова (Қ.Ахмиров атындағы мектеп), ұлдар арасында Әлібек Оразалиев (Камен мектебі) жеңімпаз атанды.

         Командалық есепте І орын Камен мектебі, ІІ орын Қ.Ахмиров атындағы мектеп, ІІІ орын Батурин мектебі командасына бұйырды.

«Ең жас теннисші» аталымымен Азиза Амангельдиева (Новенький мектебі), «Белсене қатысқан үшін» аталымымен Ахат Дәулетов (Раздольный мектебі) марапатталды.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале